Наложение сайта

4.3. Тендерге қатысу және техникалық сипаттамалар

Алдын ала жеке кәсіпкерге арналған есепшотты қай банктен ашсақ, сол банк мобильді қосымшасын жүктеп, мысалы: kaspiPay, есепшотқа кемінде 10 немесе 50 мың теңге қаражат толтырамыз. толтыру әрекетін сол банк операторынан немесе мобильді қосымша ішінен табамыз.

https://v3bl.goszakup.gov.kz/ru/user/login — адресі арқылы порталға авторизацияланамыз.

Хабарламамаларға қатысу үшін сіз жүйеден арнайы тариф сатып алуыңыз міндетті және лоттарға қатысуға, есепшотыңызға ақша салып қоюыңыз қажет [ шамамен бастапқыда — 10 000 тг ден 50 000 тг дейін]. Электронды әмиянды толтыру үшін, берілген реквизиттерге банк қосымшасы арқылы немесе тікелей банк кеңсесіне барып толтыра аламыз.

Жоғарғы мәзірден «Профиль участника»- «Лицевой счет» бөліміне өтіңіз, ашылған беттен «Оплатить услугу» батырмасын басыңыз. «да» деп басыңыз.

  • Адрес, телефон және тариф әрекет ететін жыл уақытын таңдағыз [ағымдағы жылды көрсетіңіз].
  • Қандай тариф ыңғайлы және есепшоттағы қаражатыңызға қарай тиімді тарифтің жанына белгі қойыңыз. Бұл жерде: 1 МРП — сомасы 1 миллионға дейінгі лоттарға қатыса аласыз, ары қарай сомасы жоғарлай береді.
  • Подтвердить басып, ары қарай сіз осы тарифті таңдағаныңызды растап, жалғастырыңыз. Сізге арнайы реквизит шығарады сол реквизит арқылы сіз жүйедегі электронды әмияныңызды банк қосымшасы арқылы ақшаны аударасыз, шамамен 24-48 сағат ішінде сіздің шотыңызға түседі.

Хабарламаға ұсыныс беру

Поиск объявлений басамыз.

Наименование объявления өрісіне «сайт» деп жазып, «найти» батырмасын басамыз, бізге жүйе барлық жарияланған хабарландыруларды шығарып береді. Расширенный поиск арқылы біз қажетті баптауларды таңдап, өзімізге ыңғайлы іздеу әрекетін орындасақ болады.

  • «Способ «- жарияланған тендер әдісі. «Бізге запрос ценовых предложений» әдісі қажет.
  • «Начало приема заявок» — сұраныс қабылдауы басталған уақыт
  • «Окончание приема заявок» — сұраныс қабылдауы аяқталатын уақыт.
  • «Сумма, тг.» — хабарламаның 1 — жылдық жалпы сомасы.
  • «Статус» — хабарлама статусы.

Наименование объявления — өрісіндегі қажетті лотты таңдап, үстіне басамыз. Бұл жерде бірнеше вкладкалар бар:

  • «Лоты» — лот атауы.
  • «Документация» — тендер құжаттары, техникалық сипаттама, ең бастысы осы техникалық сипаттамада жазылған ақпаратты орындау юолып табылады.
  • «Протоколы» бұл тендер аяқталғаннан кейін жеңімпазды анықтау туралы хаттама.

Хабарламаның толық құжаттары мен техникалық сипаттамасын оқып, танысып шыққаннан кейін:

Доступные действие, создать заявку дейміз.

  • Адрес және банк есепшотын таңдаймыз. «Далее» басамыз.
  • Белгіше қойып, «Добавить выбранные», «Далее батырмасын басамыз»
  • «Обеспечение заявки», «Добавить» басамыз.
  • «Деньги из электронного кошелька» таңдаймыз, «сохранить» басыңыз. Бұл біздің алдын ала порталға салынған қаржымыз яғни электронды әмиянымыздан осы қатысып отырған хабарламаның жалпы сомасының 3% пайыз қаржысын блоктайды.
  • «Вернуться в заявку» басып, кері өтеміз.

  • «далее» басыңыз.
  • «цены за единицу поставщика» — өзіміздің бағамызды ойластырып жазамыз. «подписать цены» басыңыз.
  • Бұл терезеде егер сіз берген баға, жарияланған бағадан 10% — нан төмен болса, қанша сома төмен болса және сіз жеңімпаз болсаңыз, кейін келісім-шартқа қол қойған күннен бастап, 10 жұмыс күні ішінде сіздің электронды әмияныңыздан сол қаражат бұғатталады. және сіз егерде мерзімнен бұрын жұмысты аяқтасаңыз сол сома қайта кері қайтарылады, ал егер де келісім-шарт бұзылса ақша қайтарылмайды.
  • «Подтвердить» басыңыз, ЭЦП арқылы қол қойыңыз.
  • «Далее» басыңыз.
  • «Подтверждаю, что в цену за единицу включены все расходы»- белгіше қойыңыз.
  • «Я ознакомлен с проектом договора государственных закупок, принимаю существенные условия договора и подтверждаю данные, указанные в заявке поставщика.» — белгіше қойыңыз.
  • «Подать заявку» басыңыз. «да» басыңыз.
  • «Мои заявки» — өзіңіз қатысқан лоттар тізімі.
  • «Действие» өрісінде орналасқан батырма арқылы сіз осы лот уақыты бетпей тұрып кері қайтара аласыз.

Техникалық сипаттамаларда ең басты назарға алынатын ерекшеліктер

Техникалық сипаттамалар түрі өте көп. ең басты назарға алынатыны: сайт көлемі, жұмыстар тізбегі, домен, хостинг көлемі, сайтқа салынатын ақпарат көлемі, шығыстар.

Бір техникалық сипаттама ішіне бірнеше КТРУ салынуы мүмкін, әрине бұл жерде тек сайтты сүйемелдеу немесе жаңадан сайт жасау әрекеттерін ғана орындасақ жеткілікті. Егер де адрес бойынша келу қажет деп жазылса сіздер адреске бармай ақ орындауға болатынын түсіндіресіз. Сайттың барлық файлдарын, деректер базасын және доменге рұқсат беру ол тапсырыс берушінің міндетіне жүктеледі, өйткені шарт жасасқанда шарттың 3.3 бөлігінде жазылған. Техникалық сипаттама да әртүрлі сертификаттар мен лицензиялар, қызметкерлер сертификаттары жазылуы мүмкін, бірақ ондай нәрселерге мән бермеңіз, егер нақты сертификат пен лицензия порталдың арнайы бөлігінде көрсетіледі, сол жерде көрсету қажет және ондай лоттарға арнайы сертификатсыз сіз қатыса алмайсыз, жүйе рұқсат бермейді. Төменде осы сабақтар аясында алған білімдеріңіз арқылы қатысуға болатын техникалық сипаттамаларды ұсынамыз [төмендегі ақпараттар ашық дереккөздерге жатады] :

Осындай техникалық сипаттамалар кездесетін болса немесе осы техникалық сипаттамаларға ұқсас болса еркін қатыса бересіз.

Тапсырма

  • Бірнеше лоттарды бақылап отырыңыз және кім қанша бағамен ұтып алды, қаншалықты бағасын түсіргенін бақылаңыз. Өзіңіз бір лот қа қатысыңыз.

Лот іздеу арқылы бірнеше техникалық сипаттамаларды оқып шығыңыз, басқа техникалық сипаттамалар мен салысытырыңыз. гугл арқылы сол тапсырыс берушінің телефон номер іздеп тауып, хабарласыңыз, маңызды сұрақтар арқылы тапсырыс берушіні бағалаңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *