Наложение сайта

3.5. PHP — сервер тілі және логика

PHP тілінің негізгі ережелері

Мақсаты: PHP тілінің синтаксисі мен грамматикасын, дұрыс жазу ережелерін, құрылымын және ең жиі қолданылатын стандарттарын үйрену.


1. PHP код блогы

Барлық PHP коды мына шекараның ішінде жазылады:

<?php
// PHP коды осында
?>

PHP-файлдардың кеңейтімі – .php


2. Айнымалылар (Variables)

  • Айнымалы $ белгісімен басталады.
  • Айнымалы аты латынша әріппен немесе _ (астын сызу) таңбасымен басталуы тиіс.
  • Сандармен бастауға болмайды.
<?php
$name = "Нұрсұлтан";
$year = 2025;
?>

Қате: $1name
Дұрыс: $name1


3. Мәлімет (дерек) түрлері

ТүріМысалСипаттамасы
string"Сәлем"Мәтін
int10, -5Бүтін сан
float3.14, -0.5Бөлшек сан
booltrue, falseЛогикалық мән
array[1, 2, 3]Массив (жинақ)
objectnew ClassName()Объект
nullnullБос мән

4. Операторлар

Арифметикалық:

$x + $y
$x - $y
$x * $y
$x / $y
$x % $y // Қалдық

Салыстыру:

$x == $y  // тең
$x != $y // тең емес
$x > $y // үлкен
$x < $y // кіші
$x >= $y // үлкен немесе тең
$x <= $y // кіші немесе тең

Логикалық:

&&  // ЖӘНЕ
|| // НЕМЕСЕ
! // ЖОҚҚА ШЫҒАРУ (NOT)

5. Құрылым және синтаксис ережелері

  • Әрбір PHP сөйлемі ; (нүктелі үтірмен) аяқталуы тиіс.
echo "Сәлем";  // дұрыс
echo "Сәлем" // қате
  • Ашылған жақша жабылуы керек:
if ($x > 0) {
echo "Оң сан";
}

6. Шартты операторлар (if, else, elseif)

if ($year >= 18) {
echo "Ересек";
} elseif ($year >= 12) {
echo "Жасөспірім";
} else {
echo "Бала";
}

7. Циклдер

for

for ($i = 0; $i < 5; $i++) {
echo $i;
}

while

$i = 0;
while ($i < 5) {
echo $i;
$i++;
}

foreach (массивтерге арналған)

$day = ["Дүйсенбі", "Сейсенбі"];
foreach ($days as $day) {
echo $day;
}

8. Формадан деректер алу ($_GET, $_POST)

// форма арқылы келген деректерді оқу
$name = $_POST["аты"];
echo "Сәлем, $name";

9. Функциялар

function unit($a, $b) {
return $a * $b;
}

echo unit(5, 3); // 15
  • function кілт сөзімен анықталады.
  • Параметрлер жақша ішінде беріледі.

10. Константалар

Өзгермейтін мәндерді сақтау үшін қолданылады.

define("PI", 3.14);
echo PI;

11. Комментарий (түсініктеме жазу)

// Бұл бір жолдық түсініктеме
# Бұл да бір жолдық түсініктеме
/*
Көп жолды
түсініктеме
*/

12. Қате өңдеу (Error Handling)

if (!file_exists("data.txt")) {
die("Файл табылмады!");
}

Қысқаша стандарттар:

ЕрежеМысал
Айнымалылар – $myName$name = "Айбек";
Әр сөйлем соңында ; боладыecho "Hello";
HTML ішінде PHP жазуға болады<h1><?php echo "Сәлем"; ?></h1>
Массивтер [] немесе array()$a = [1,2,3];
Екілік операторларда бос орынif ($a == $b)

php тілі келесі сабақтарда өтетін SQL деректер қорының тілімен тығыз байланысты.

Қорытынды:

PHP — ережелері қарапайым, бірақ өте қуатты серверлік тіл. Оның синтаксисін игеру арқылы сіз:

  • Динамикалық беттер жасайсыз;
  • Деректермен (form, database) жұмыс істейсіз;
  • Тұтас веб-жүйе құра аласыз.

Тапсырма

  • Шартты операторға өзгеше бір мысал келтір және орында
  • Циклдер ге бір мысал келтір және орында
  • Функциялар ға бір мысал келтір және орында

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *