Наложение сайта

1.1 Мен қалай бастадым, алғашқы табысым.

Мен осы «веб — сайт құру, техникалық қолдау және сүйемелдеу бизнесіне» ( қысқаша -веб-сайт бизнесі) 2016 жылы жеке компанияда бақылау камерасын орнату, техникалық қолдау қызметін атқарып жүрген едім. Арасында госзакуп порталында тендерлерді де қарап отыратынмын, яғни мемлекеттік органдар тапсырыстар беретін, ол жерде тапсырыс бойынша компьютерлерді де балалармен бірге құрастырып, жеткізіп беріп жүрдік.

Бір күні өзіміз степ жүрген компанияға сайт жасау қажет болды, сонымен ол кезде ғаламторда осындай дайын онлайн оқу мен қазақша тілде ақпараттар аз еді, бәрі орыс тілінде болатын. сайт жасауды ғаламтор арқылы ізденіп құрдық, жасаған сайтымызбасшылыққа ұнаған соң, бос кездері осындай жеке, кішігірім авто жуу, авто электрик, демалыс орындарына тіпті мектептер мен колледждерге сайт тапсырысын алатын болдым. Хабарламаларымды olx.kz порталына салып отыратынмын. арасында сол жеке компания атынан сайт бойынша тендерлік лоттарға да қатысатын болдым және бухгалтерлік есептер мен акт, счет жіберуді де үйреніп алдым.

2018 жылы өзім жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, госзакуп порталын күнде қарап отырып, барлық Қазақстан бойынша бірнеше сайттарға тапсырыс алдым. Бірақ ол кездері мемлекеттік мекемелер бір көзден тек өздерінің таныстарына ғана келісім — шарт жіберетін, лоттар аз болатын, ал қазыр барлық мекемелер хабарландыруларды ортаға салады. Бастағанда заң білмегендік, осы сала бойынша білім әдіс тәсілдерін де білмегендік себептері кедергі тудырды, келесі сабақтарда осы мен жіберген қателіктердің бәріне тоқталатын боламыз.

Қазіргі таңда осы веб-сайт бизнесі арқылы жылына 10-15 млн. табыс табамын, әрине жалғыз стеймін және уақытымның 4/1 бөлігін ғана қажет етеді, өйткені қосымша келісім — шарт бойынша басқа мекемеде жұмыс стеймін, жанұя мен әке шешеме қараймын. Бір сөзбен айтқанда толық осы бизнеске уқытым қалмағандықтан сізге үйретуге тура келіп отыр. Ал сіздер егер, толық оқып шығып, қосымша қызметкерлер алып айналыссаңыз — жылына 20 -30 млн. табыс табатыныңызға сенемін.

Ең бастысы, логикалық ойлау мен проблеманы шешу жолдары және ерінбей еңбек ету.

Келесі сабақ: 1.2. Табыс көздері және бақталастық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *