Сіз өткен сабақтардың барлығын оқып шықсаңыз және түсініп алсаңыз жарайсыз! Сіз нағыз веб — сайт маманысыз. Енді сіз үнемі Мемлекеттік сатып алу порталынан хабарландыруларды күнде қарап отыруды дағдыға айналдыруыңыз қажет, баға ұсыныстарына мониторинг жүргізіп, бәсекелестеріңіздің де беретін бағаларын шыққан хаттамадан қарап, өз бағаңызды ұтатындай етіп жазуыңыз қажет және әр сайтқа жұмсалатын шығынды да ескеріңіз.
Сіз әр сайтты ұтқан сайын сақталатын мәліметтер де ұлғайады, барлығын есте сақтау мүмкін емес. Мысалы:
- Хостинг провайдерге авторизациялану мәліметі [логин пароль]
- Әр сайттың логин паролі және сайт аты
- Домен аты және хостингті ұзарту уақыты
- Электронды пошталар мәліметі
Осы мәліметтерді жүйелеп сақтап отыру қажеттігі туындайды.
Mail.ru жүйесін пайдалану
Жоғарыдағы мәліметтерді сізге шатастырмай сақтап отыру қажет. Мысалы мен mail.ru пошталық жүйесіне өзіме пошта аштым, өйткені өзіме ыңғайлы болды. Ол жерде әр сайт атымен папка қосып және сол папка ішіне сол сайтқа кіретін логин парольдер мен мәліметтерді сақтап, қажет болғанда сол сайт аты жазылған папкаға өту арқылы керекті мәліметті оңай табамын. Әрине сіздер өздеріңізге ыңғайлы жүйені қолдансаңыздар болады.

«Заметка» немесе «күнтізбе» жүйесін қолдану
Домен және хостинг уақытын өткізіп алмас үшін сіз арнайы смартфоныңыздағы «заметка» немесе «күнтізбе» пайдаланыңыз. Сонда сіз дер кезінде уақытын біліп, төлеп отырасыз.

Сүйемелдеу кезіндегі әдістер
Сайттарды сүйемелдеу барысында сізге поштаға, ватсап қа және де басқа жүйелер арқылы әр сайттан ақпараттар түседі, шатастырып алмас үшін байланыс ктапшасына сақтап отырыңыз және ақпаратты сайтқа орналастыру кезінде бірақ ашыңыз, оғанға дейін ашпаңыз, ал ватсап жүйесінде «закрепить» немесе «непрочитанное» қолданыңыз.

Exel
Өзіңізге арнайы «Exel»де таблица құрып, есеп жүргізіңіз, Бұл есеп қандай мекеме ақшасын төледі немесе төлемегенін жазып отырасыз.
