Сәлем, әлем!
Тақырыбы: echo және алғашқы бағдарлама
Мақсаты: PHP синтаксисімен танысу
Коды:
<?php
echo "Сәлем, әлем!";
?>
жоғарыдағы код блокнотта немесе серверде файл ретінде сақталады, кеңейтілімі файл атынан кейін .php деп хостингке сақтаймыз, сайт атынан соң осы файл атын жазып ентер бассақ, осы код орндалуы тиіс. Мысалы хостинг те index.php деп сақтап, браузер адресіне https://site.kz/index.php бұл жерде site.kz өзіңіздің сайт домені.
Тапсырма: Өз есіміңмен «Сәлем, [өз атың]!» деп шығаратын код жаз.
Айнымалылар
Тақырыбы: Айнымалы (variable)
Мақсаты: $айнымалы мәндерін беру
Коды:
<?php
$name = "Айбек";
echo "Менің атым " . $name;
?>
Тапсырма: Атыңды, жасыңды айнымалы арқылы шығаратын код жаз.
Арифметика
Тақырыбы: Арифметикалық операциялар
Мақсаты: +, -, *, / қолдану
Коды:
<?php
$a = 10;
$b = 5;
echo $a + $b;
?>
Тапсырма: 2 сан бер де, қосу, азайту, көбейту, бөлу шығарындыларын көрсет.
Конкатенация (Мәтінді біріктіру)
Тақырыбы: . операторлар
Мақсаты: Мәтінді біріктіру
Коды:
<?php
$name = "Аяулым";
echo "Қош келдің, " . $name . "!";
?>
Тапсырма: «Сәлем, менің атым [атың], мен [жас] жастамын» деп шығаратын код жаз.
Шартты оператор (if)
Мақсаты: Жасты тексеріп, ересек не бала екенін шығару
Коды:
<?php
$year = 20;
if ($year >= 18) {
echo "Сіз ересексіз.";
}
?>
Тапсырма: Пайдаланушы жасы бойынша шарт шығару. яғни мысалдағы 20 санын әртүрлі санға өзгерт және сіз мысалы 45 жастан үлкенсіз немесе кішісіз дегендей.
if-else
Мақсаты: 2 жағдайды тексеру
Коды:
<?php
$ball = 85;
if ($ball >= 90) {
echo "Баға: 5";
} else {
echo "Баға: 4";
}
?>
Тапсырма: Баға шкаласын жасап, баға шығару логикасын құрастыр.
elseif
Мақсаты: Бірнеше шарттармен жұмыс
Коды:
<?php
$ball = 70;
if ($ball >= 90) {
echo "5";
} elseif ($ball >= 75) {
echo "4";
} elseif ($ball >= 60) {
echo "3";
} else {
echo "2";
}
?>
Тапсырма: Толық баға жүйесін жаса.
switch
Мақсаты: Таңдауға байланысты нәтиже шығару
Коды:
<?php
$day = "дүйсенбі";
switch($day) {
case "дүйсенбі": echo "Аптаның басы"; break;
case "жұма": echo "Аптаның соңы"; break;
default: echo "Жай күн";
}
?>
Тапсырма: Апта күндеріне байланысты хабарлама шығару.
for циклі
Мақсаты: 1-ден 10-ға дейін сандарды шығару
Коды:
<?php
for ($i = 1; $i <= 10; $i++) {
echo $i . "<br>";
}
?>
Тапсырма: 1-ден 100-ге дейінгі жұп сандарды шығару.
while циклі
Коды:
<?php
$i = 1;
while ($i <= 5) {
echo $i . " ";
$i++;
}
?>
Тапсырма: 10-нан 1-ге дейін кері санау.
Массивпен жұмыс
Коды:
<?php
$days = ["Дүйсенбі", "Сейсенбі", "Сәрсенбі"];
foreach ($days as $day) {
echo $day . "<br>";
}
?>
Тапсырма: 5 қала атын массивке жазып, шығару.
Массив ішіндегі сандардың қосындысы
Коды:
<?php
$sandar = [2, 4, 6];
$kosyndy = 0;
foreach ($sandar as $san) {
$kosyndy += $сан;
}
echo $kosyndy;
?>
Тапсырма: Өз массивіңмен жұмыс жасап көр.
Функция жазу
Коды:
<?php
function kosy($a, $b) {
return $a + $b;
}
echo kosy(4, 6);
?>
Тапсырма: Екі санды бөлу функциясын жаз.
Формадан мәлімет алу
HTML + PHP:
<form method="POST">
<input name="аты" type="text">
<button>Жіберу</button>
</form>
<?php
if ($_POST) {
echo "Сәлем, " . $_POST['аты'];
}
?>
Тапсырма: Пайдаланушының жасын енгізіп, ересек/бала екенін көрсет.
Құпия сөз тексеру
Коды:
<?php
if ($_POST['password'] == '1234') {
echo "Қош келдіңіз!";
} else {
echo "Қате құпия сөз!";
}
?>
Тапсырма: Өз пароліңмен жұмыс жаса.
HTML кесте жасау
Коды:
<?php
echo "<table border='1'>";
for ($i = 1; $i <= 3; $i++) {
echo "<tr><td>Жол $i</td></tr>";
}
echo "</table>";
?>
Тапсырма: 5 жол 3 бағаннан тұратын кесте жаса.
Массив сұрыптау
Коды:
<?php
$sandar = [5, 1, 9];
sort($sandar);
print_r($sandar);
?>
Тапсырма: Оқушы бағаларын сұрыпта.
Файлдан оқу
Коды:
<?php
$file = fopen("test.txt", "r");
while(!feof($file)) {
echo fgets($file) . "<br>";
}
fclose($file);
?>
Тапсырма: Өз мәтіндік файл ашып, шығар.
Форма және файлға жазу
Коды:
<?php
if ($_POST) {
$text = $_POST['жаз'];
file_put_contents("save.txt", $text);
}
?>
<form method="post">
<textarea name="жаз"></textarea>
<button>Сақтау</button>
</form>
Тапсырма: Қатысушы есімін сақтайтын жүйе жаз.
Дерекқормен байланыс (MySQL)
Коды:
<?php
$conn = mysqli_connect("localhost", "root", "", "mydb");
$result = mysqli_query($conn, "SELECT * FROM users");
while($row = mysqli_fetch_assoc($result)) {
echo $row['name'] . "<br>";
}
?>