Өткен сабақта біз жарияланған хабарландыруларға қалай қатысу керек екенін үйренгенбіз, ал осы сабақта егер жеңімпаз атанғанда ары қарайғы әрекетімізді үйренеміз, тендер аяқталғаннан кейін порталдың хабарламалар бөліміне тендер қорытындысы келеді:
ЕСКЕРТУ! сіздің компьютеріңізде төмендегідей NCAlayer бағдарламасы қосылып, «Модуль Государственные закупки», «Модуль КНП» және «Модуль ИС ЭСФ» модульдері орнатылып тұруы тиіс.
«все уведомления» ашыңыз, және пайда болған хабарлама үстіне басып, ары қарай сілтеме арқылы өтіңіз.
«Протоколы» — жеңімпазды анықтаған хаттама.
«Информация о победителях» — жеңімпаз болған тапсырыс орындаушы жеке кәсіпкер немесе компания.
Егер де сіз жеңімпаз болсаңыз 3 күн ішінде сізге келісім — шарт жіберіледі:
үстіне басып, келісім-шартпен таныса аласыз.
келісім — шарттың барлық шарттарын мұқият оқып шыққан соң қажетті бөліктерін таңдау арқылы толтырыңыз:
основание «ЖК» — жеке кәсіпкер
Банк есепшоты
Телефон номеріңіз
Адресіңізді енгізіңіз
Шартқа қол қою
Растау
Келісім- шартқа қол қою әрекеттері орындалғаннан кейін сіз тапсырыс берушіге міндетті түрде хабарласып, сайт бойынша мәліметтерді алуыңыз қажет, егер де мәліметтер бұрынғы орындаушыда болса онда сол бұрынғы орындаушыдан тапсырыс беруші өздері алып, сізге жіберу міндетті. Есіңізде болсын, сіз тек техникалық сипаттамада жазылған әрекеттерді ғана орындауға міндеттісіз және тапсырыс берушіден келісім- шарттың «3.3. 1) Қызметтерді көрсету үшін Өнім берушінің мамандарының қол жеткізуін қамтамасыз етуге;» орындауын талап етіңіз. егерде қосымша жұмыстар тапсырылса сіз қосымша келісім — шарт жасауын талап етіңіз. Тапсырыс берушінің барлық әрекетін скриндеп немесе почтаға келген әрекеттерді сақтап отырыңыз.
Мәліметтерді алғаннан кейін, сіз өзіңіздің хостингке сайтты орнатыңыз және тапсырыс берушіге хабарлаңыз: «сайт бізден степ тұр, ақпарат салу үшін ватсапқа немесе электронды поштаға жіберіңіздер» деп.
Ескерте!
Келісім-шарт жасалып болған соң, 10 күнтізбелік күн ішінде сіз келісім-шарттың «обеспечение исполнение» бөліміне өтіп, қанша суммаға бағаны түсірдіңіз және кепілдік сомасын қосып, өзіңіздің электронды әмияныңыздан немесе банк кепілдігі арқылы қаражат бекітуіңіз қажет. бекітілмеген жағдайда сізді автоматты түрде қара тізімге яғни жауапсыз орындаушы ретінде тіркеуі мүмкін. Ондай жағдайда сіз 2 жыл тендерге қатыса алмайсыз!
АКТ жіберу
Келісім — шарт бір жылға дейін күшінде болады. шамамен бір ай өткен соң сіз жұмыстардың орындалғанын растайтын АКТ (акт выполненных работ) жасап жібересіз оны қағаз жүзінде және порталдан :
Қағаз жүзіндегі формасы, сканерлеп порталға елуге.
Шарттың «Информация об оплате» деген бөлігіне өтіп, «создать акт» басыңыз. ары қарай жалпы соманы әр айға бөліп, «добавить услугу» арқылы электронды акт жасаңыз.
«Виртуальная ценность» — «Создать» 100 — деп сақтап, қол қойыңыз. Қайта «Акты»- ға өтіңіз. қол қойып, «Отправить» арқылы жіберіңіз: статусы «согласование у заказчика» болуы тиіс. Тапсырыс беруші қол қойғаннан соң сізге хабарлама келеді және статусы «Утвержден» болып өзгереді сол кезде сіз ЭСФ жүйесі арқылы счетфактура жібересіз.
Назар аударсаңыз сізге А-М ге дейін қажетті бөлімдерді толтыру қажет.
«1.1. Номер учетной системы» реттік номер ойласытырып қойыңыз
«3. Дата совершения оборота» — бүгінгі күнді таңдаңыз . Келесі В үстіне басыңыз.
6. Өзіңіздің ИНН жазыңыз.
Келесі С басыңыз
16. Тапсырыс берушінің БИН жазыңыз, Госзакуп келісім — шарттан көшіріп аласыз, осында қоясыз.
20. Категория получателя — Е. Государственное учреждение таңдайсыз егер мемлекеттік орган болса, ал мемлекеттік мекеме болмаса бос қалдырасыз, толтырмайсыз ештене.
С1 — 21. ИИК — тапсырыс берушінің банк есеп шоты, госзакуптағы келісім-шарт аяқ жағында тұрады
22. Код товаров, работ, услуг — бос калдырасыз.
23. Назначение платежа — госзакуп порталынан аласыз.
24. БИК тапсырыс берушінің банк есеп шоты мәліметі.
D — бос қалдырасыз
Е — 27.1. таңдаңыз
27.3. Келісім — шарт нөмірін жазыңыз
27.4. Келісім — шартқа қол қойылған күнді таңдаңыз.
қалғанын бос қалдырасыз.
F — 32.1. порталдағы АКТ бекіткен номерді жазыңыз мысалы:
және датасын таңдайсыз.
G — 2 -ші графага Қызмет атын жазыңыз
7 — ші графага сумма жазасыз.
«Отправить» — «ок» батырмалары арқылы ЭСФ ті тапсырыс берушіге жібересіз. 1 ай ішінде сіздің көрсетілген есепшотыңызға осы ЭСФ те көрсетілген сома түсу қажет. түспеген жағдайда тапсырыс берушіге хабарласып, мән-жайды біле аласыз.