Наложение сайта

4.5. Туындайтын негізгі мәселелер және ҚР Мемлекеттік сатып алу заңы

Негізінде барлық өткен сабақтар нақты бизнес процес мемлекеттік сатып алу порталындағы атап айтқанда баға ұсыныстары арқылы жарияланған хабарламаларға қатысып, ұту болып табылады. Туындайтын негізгі мәселелер жағдайға қарай болады, менің 5 жылдық тәжірибемде кездескен бірнеше мәселе:

  1. Лоттың атауын мұқият қадағалау, «лицензиялық бағдарламаға қол жеткізу» — сайт деп іздегенде көп кездеседі бірақ, сайтты техникалық қолдауға жатпайды және арнайы авторлық құқықпен қорғалған жүйе болуы мүмкін, мұндай лоттың құжаттарын зерделеп қарап, есептеп барып қатысқан жөн.
  2. Қатысатын лоттың техникалық сипаттамасын мұқият оқып, танысып шығу және мүмкін болса тапсырыс берушінің байланыс ақпаратын тауып алып хабарласып, алдын ала ақпарат жинауға да болады.
  3. Сайтты жаңадан жасау бойынша лоттарға қатысу барысында егер, домендік атау техникалық сипаттамада сатып алуды орындаушыға жүктелінсе және нақты домендік атау жазылса, алдын ала ps.kz сайтынан бос немесе бос еместігін тексеріңіз, өйткені бос болмаса кейін сіз ұтқан жағдайда өте үлкен бағаға сатып алуыңыз мүмкін.
  4. Кейде қасақана сайт көлемін және ол сайтта қолданылатын ақылы жүйелерді техникалық сипаттамада көрсетпейді, ал қызмет көрсету барысында шығындалып қалуыңыз мүмкін. Мысалы хостинг shared деп көрсетеді, бұл дегеніміз 500 Гб жоғары сервер.
  5. Келісім-шарт жасасқаннан кейін барлық келіссөздерді ауызша емес, пошта арқылы және хат арқылы растап, скрин, запись жасап отырыңыз өйткені кейін сотқа берсе өзіңізді ақтап алғанға айғақ таппай қалуыңыз мүмкін.
  6. Техникалық сипаттамада жазылмаған нәрсені жасамаңыз, және тапсырыс берушімен барынша сыпайы сөйлескеніңіз сіздің бизнесіңіз ге қолайлы әсер береді.
  7. Сіз тапсырыс берушіге акт және эсф жіберген соң төленбеген жағдайда сіз тапсырыс берушіге хабарласасыз. бір ай ішіндее төленбесе сотқа жүгінуіңізге тура келеді.
  8. Сіз соттасудан ешқашан қорықпаңыз, егер сіздің әрекетіңіз заң негізінде дұрыс болса сіз жеңіп шығасыз. осы 5 жыл ішінде 3 рет сотқа қатысып 2 ін жеңіп шықтым.

Ең бастысы мемлекеттік сатып алу заңын, оның ішіндегі баға ұсыныстары арқылы сатып алынатын жұмыстар мен қызметтер туралы заңды жіті білуіңіз қажет: https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000434

Заң бойынша сіз тапсырысты орындау барысында сізге қызметті орындауға еш кедергі жасалмауы қажет, сайт архиві мен доступ ты сізге тапсырыс беруші береді. кейбір кездері сіз сайтты сүйемелдеуге келгенде тапсырыс беруші өз сайттарын бере алмай қалады, себебі сіздің алдыңыздағы орындаушыдан сайт мәліметін дер кезінде тапсырыс беруші көшіріп алмаған себеп болады, сол үшін сіз жаңадан сайт жасап беруге келісесіз егер ұтқан сома өзін ақтаса, ал ақтамаған жағдайда қосымша келісім-шарт жасасып, сомасын үлкейткенге келістіруіңіз қажет.

Тапсырма

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000434 — толық оқып шығу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *