JavaScript деген не?
JavaScript деген не?
JavaScript – сайттарда интерактивті әрекеттер жасауға арналған бағдарламалау тілі. сайтымызда пайдалану үшін скрипт.js яғни .js кеңейтіліміндегі файл арқылы сақтап, html немесе php файлға төмендегі код арқылы қоса аламыз:
<script src=»./time.js»></script> мұндағы time.js скрипт сақалған файл аты.
сондай ақ html құжат ішінде <script> </script> тегі арқылы :
<script> let date = new Date(); alert(«Сейчас » + date); </script>
Мысалдар:
- Батырма басқанда терезе шығару
- Форма тексеру
- Уақыт көрсету
- Анимация жасау
- Онлайн калькулятор, тест, ойын
Қарапайым JavaScript мысалы
<!DOCTYPE html>
<html>
<head>
<title>JS Мысал</title>
</head>
<body>
<h2>JavaScript мысалы</h2>
<button onclick="sayHello()">Сәлем де!</button>
<script>
function sayHello() {
alert("Сәлем, JavaScript!");
}
</script>
</body>
</html>
Бұл кодта не болады?
- Батырманы басқанда экранда «Сәлем, JavaScript!» деген терезе пайда болады
JavaScript синтаксисі (ереже)
| Элемент | Мысал | Сипаттама |
|---|---|---|
| Айнымалы | let name = "Айдана"; | Мәлімет сақтау |
| Функция | function hello() { ... } | Әрекет тобы |
| Комментарий | // Бұл түсініктеме | Түсіндіру мәтіні |
| Оқиға | onclick, onchange, oninput | Пайдаланушы әрекеті |
| Қарапайым шарт | if (age > 18) { ... } | Шарт қою (if else) |
Айнымалылар
let name = "Ермек";
let age = 20;
let city = "Алматы";
Шарт (if else)
let age = 17;
if (age >= 18) {
alert("Сіз кәмелетке жеттіңіз");
} else {
alert("Сіз кәмелетке жеткен жоқсыз");
}
Цикл (for)
for (let i = 1; i <= 5; i++) {
console.log("Сан: " + i);
}
HTML ішінен JavaScript қолдану
input арқылы мән алып, шығару
<input type="text" id="myName" placeholder="Атыңызды жазыңыз">
<button onclick="showName()">Көрсету</button>
<script>
function showName() {
let name = document.getElementById("myName").value;
alert("Сәлем, " + name + "!");
}
</script>
Пайдалы сайттар (орысша)
| Сайт | Не үйретеді |
|---|---|
| https://learn.javascript.ru | Орыс тіліндегі толық JS оқулығы |
Тапсырма:
- HTML-де input пен button жаса
- Батырманы басқанда экранға “Сәлем, [аты]!” деп шығатын JavaScript жаз
- Егер бос болса — «Аты енгізілмеді!» деп шығару