Веб — сайт бизнесі бойынша табыс көздері өте көп, атап айтқанда:
- Мемлекеттік сатып алу порталы және басқа да порталдар арқылы тапсырыс алу
- olx платформасы мен әлеуметтік желілер арқылы хабарламалар тарату
- freelancer.com — фриланс ретінде сайт тапсырмаларын орындау
- Отандық https://mitwork.kz/ порталы
- почта арқылы рассылка жасау
Мен өзім тек Мемлекеттік сатып алу арқылы тапсырыс алып жұмыс жасадым, ерекшелігі — тұрақты кіріс, жеңіл техникалық сипаттама, жеке кәсіпкер беделін арттырады. Жылына 70-80 сайт қолдап отырдым.
Кез келген бизнесте бақталастық болады, бірақ мемлекеттік сатып алу порталында тапсырыстар өте көп, шамамен жылына 6000-8000 сайт жарияланады. Ал қатысушы жеке кәсіпкерлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер орта есеппен нақты 20-30 шақты, оның ішінде жаңадан бастаған кәсіпкерлер мен үлкен компаниялар да бар.
Ең тиімді әдіс тапсырыс беруші мен жақсы қарым қатынаста болу, заңды білу. Көптеген үлкен компаниялар мен тапсырыс берушілер жұмыс жасасқылары келмейді, өйткені олар уақытында ақпарат жария ете алмайды, тапсырыс өте көп және веб — сайт дизайнын өзгертуге де уақыттары жоқ. Сондықтан көп мемлекеттік мекемелер жаңадан бастаған және кішігірім кәсіпкерлермен жұмыс жасасқанды тиімдірек деп санайды.
Тек қана мемлекеттік сатып алу порталынан сіз өзіңіз ғана степ, қосытмша басқа жумыста да стей аласыз, веб-сайт бизнесінен жылдық табысыңыз 10-15 млн құрайтын болады және бұл бизнесте шығын өте аз.
Келесі сабақ: 1.3. Веб — сайт құрылымы, қажетті құралдар.