Қош келдіңіз!
Осы сабақта біз жалпы «веб — сайт құру, техникалық қолдау және сүйемелдеу бизнесіне» ( қысқаша -веб-сайт бизнесі) қажетті құралдар мен веб-сайт құрылымын білетін боламыз. Негізінде сабақ нақты, қарапайым және қажетті әрекеттер мен түсініктерді үйретеді.
Веб — сайт дегеніміз белгілі бір мекеменің, компанияның немесе жеке тұлғаның интернет желісінде домендік атау арқылы белгілі бір тәртіппен орналасып, ыңғайлы ұсынылатын ақпараттар.
Веб — сайт негізінен папкалар мен файлдардан құралады. негізгі файлдар болып php, html, css және js. типіндегі файлдар мысалы index.html, index.php, style.css және script.js келесі сабақтарда толығымен қарастырамыз.
Кез келген сайт қонақ ретінде сайтқа кірген адамдарға көрінетін құрылымы:
- Жоғарғы бөлік;
- Ақпараттық ортаңғы бөлік;
- Виджеттер;
- Төменгі бөлік;

Жоғарғы бөлік — хедер(header) яғни сайт атауы, тел номер, логотип және мәзірлер т. б. элементтер орналасады. сайттың барлық беттерінде орналасады. Мысалға gov.kz сайтының жоғарғы бөлігінде аты, мәзір, нашар көрушілерге және авторизация орналасқан.

Ақпараттық ортаңғы бөлік — барлық ақпарат осы ортаңғы бөлікте көрсетіледі, басты беттегі ақпарат, бөлімдердегі ақпарат, белгілі бір веб бағдарлама т.б.барлық ақпарат осы ортаңғы бөлікте көрсетіледі, басты беттегі ақпарат, бөлімдердегі ақпарат, белгілі бір веб бағдарлама т.б.

Виджеттер — сайт оң және сол жағында кебір сайттарда жоғарғы немесе төменгі бөліктерде де кездеседі. виджеттерде күнтізбе, курс бағасы, ауа райы немесе кнопкалар блог үзінділері орналасуы мүмкін.

Төменгі бөлік; — футер (footer). яғни ең төменгі бөлік, сайттың барлық беттерінде ең астында көрініп тұрады, байланыс ақпараты, мәзір және кері байланыс әрекеттерін орналастыруға болады.
Сайтты басқару тақтасы Администратор немесе менеджер

Сайтты басқару тақтасы (admin) арнайы құрылған жүйе болып табылады бірақ, сол сайт файлдарының ішінде орналасып, арнайы логин парольмен қорғалады. Осы тақта арқылы сайт бөлімдерін, беттерін, сурет видеоларды және т.б. объектілерді басқара аламыз.
Қажетті құралдар тізімі:
- Ноутбук немесе компьютер;
- Интернет желісі;
- Браузер (Chrome немесе Firefox);
- Хостинг (сервер);
- Домендік атау (домен);
- FTP клиент (тегін FileZilla бағдарламасы);
- Архиватор бағдарламасы;
- Notepad++ бағдарламасы;
Ноутбук немесе компьютер — қуаттылығы немесе арнайы бір бағдарлама қажет емес.
Интернет желісі — жылдам болғаны жақсы.

Браузер (Chrome немесе Firefox) тегін бағдарламасын интернет желісінен көшіріп орнатып алу қажет болады, барлық іс әрекетті осы браузерде орындайсыз. (мен өзім Chrome қолданамын).

Хостинг (сервер) — бұл сайт файлдары, бағдарлама, деректер қоры барлығы орналасатын орын. Жалпы айтқанда флешка память десе де болады, көлемінің үлкендігі мен жұмыс жасау жылдамдығы және қауіпсіздігіне қарай сатып алу бағалары да әр түрлі болады. хостин -провайдерлер: Қазақстандық: ps.kz, hoster.kz . көршілес Ресейлік: timeweb.ru және тағы басқа. келесі сабақтарда қалай сатып алу мен баптауларын үйренеміз.

Домендік атау — жалпы сіздің үйіңіздің мекен жайы секілді адрес бірақ, ғаламторда. мысалы бәріміз қолданатын google.com домендік атауға жатады, домендік атауды сатып алып сайтымызға тіркеу үшін арнайы провайдерлер бар: Қазақстандық: ps.kz, hoster.kz . көршілес Ресейлік: timeweb.ru және тағы басқа. осы көрсетілген провайдерлер сайтына өтіп алдымен тіркелеміз, бос домендік атауды іздеп тапқансоң мысалы site.kz оны сатып аламыз, келесі әрекет сол сатып алынған доменге хостинг сервер сатып аламыз дәл осы провайдерден немесе басқа провайдерден алсақ болады. келесі сабақтарда толық қарастыратын боламыз.

FTP клиент (тегін FileZilla бағдарламасы) — бұл бағдарлама көмегімен біз өзіміздің компьютеріміз бен хост арасында файлдар алмасу үшін қажет. жалпы айтқанда кәдімгі компьтердегі проводник сияқты жұмыс жасайды.

Архиватор — бұл бағдарлама арқылы біз сайт файлдарын архивация жасап, басқа хостингке немесе компьютерге көшіріп алуға ынғайлы әрекеттер орындауға қажетті құрал. мысалы WinRar бағдарламасы.

Notepad++ бағдарламасы код жазуға немесе көруге өте ыңғайлы бағдарлама.
Қорытындылау:
Біз осы сабақта веб-сайт құрылымын, қажетті құралдар мен бағдарламаларды білдік.
Негізгі түсініктер:
- php, html, css және js
- сайт құрылымы жоғарғы бөлік, ақпараттық ортаңғы бөлік, виджеттер және төменгі бөлік,
- Хостинг (сервер);
- Домендік атау (домен);
Тапсырма
1 — интернет желісіндегі сайттарды ашып, оның бөлімдерін зерттеу.
2 — хостинг және домен түрлерінің бағаларын және мүмкіндіктерін қарап салыстыру.
3 — жоғарыдағы көрсетілген бағдарламаларды өз компьютеріңізге орнатып алыңыз.
Келесі сабақ: 1.4. Хостинг, домен және оны баптау.