Наложение сайта

3.7. SQL — деректер қоры мен жұмыс

Біз кез келген CMS пен жұмыс жасағанда жүйенің файлдары zip файл арқылы берілсе, Деректер қоры .SQL кеңейтіліміндегі файл арқылы беріледі Мысалы: Меніңсайтым.zip болса, Деректер қоры: Деректерқоры.sql файлы арқылы сақталады. Бұл файл ішінде ретімен сақталған жүйеге қажет барлық ақпарттар кесте түрінде сақталады, сонымен қатар жаңалықтар мәтіні, суреттер мен құжаттар сілтемесі, пайдаланушы аты, парольдер ж .т. б. маңызды ақпарттар сақталған. өткен сабақта біз php тілі мен sql тілі тығыз байланысты екенін атап өттік, төменде бірнеше мысалдар мен sql тілі операторларымен танысатын боламыз:

SQL (Structured Query Language) — дерекқорлармен (базалармен) жұмыс істеуге арналған арнайы тіл. Ол арқылы біз деректерді:

  • Таңдау (SELECT)
  • Енгізу (INSERT)
  • Жаңарту (UPDATE)
  • Жою (DELETE)
  • Дерекқор мен кесте құру (CREATE)

SQL көбінесе MySQL, PostgreSQL, Oracle, SQLite, MS SQL Server сияқты дерекқор басқару жүйелерінде қолданылады.

SQL тілінің негізгі операторлары

КомандаСипаттамасы
SELECTКестеден деректерді таңдау
INSERTЖаңа жол (дерек) қосу
UPDATEБар деректерді жаңарту
DELETEДеректерді жою
CREATEЖаңа кесте немесе база құру
DROPКестені немесе базаны жою

Хостинг панеліндегі — База данных — phpMyAdmin қосымшасын ашу

SQL вкладкасы арқылы осы базаға командалар жаза аламыз

Кесте құру (CREATE TABLE)

CREATE TABLE student (
id INT PRIMARY KEY AUTO_INCREMENT,
name VARCHAR(100),
age INT,
city VARCHAR(50)
);

Бұл команда student атты кесте жасайды. Әр студенттің id, аты, жасы, және тұратын қаласы болады.


Дерек қосу (INSERT INTO)

INSERT INTO student (name, age, city)
VALUES ('Айдана', 20, 'Алматы');

Деректерді таңдау (SELECT)

SELECT * FROM student;

Барлық бағандарды шығарады.

SELECT name, city FROM student WHERE age > 18;

18 жастан үлкен студенттердің аты мен қаласы.


Жаңарту (UPDATE)

UPDATE student
SET city = 'Астана'
WHERE name = 'Айдана';

Жою (DELETE)

DELETE FROM student WHERE age < 18;

Қосымша операторлар

КомандаМысал
ORDER BYSELECT * FROM student ORDER BY age DESC;
LIMITSELECT * FROM student LIMIT 5;
LIKEWHERE name LIKE 'А%'
BETWEENWHERE age BETWEEN 18 AND 25
INWHERE city IN ('Алматы', 'Астана')
ASSELECT name AS "Аты" FROM student;
COUNT()SELECT COUNT(*) FROM student;
GROUP BYGROUP BY city

SQL мен PHP байланысы

PHP – серверлік тіл.
SQL – мәліметтер базасымен жұмыс істейтін тіл.
PHP арқылы біз SQL командаларын орындаймыз: деректерді қосамыз, шықарамыз, өшіреміз, жаңартамыз.


1-Мысал: Кестеден мәлімет шығару (SELECT)

MySQL-де осындай база бар деп елестетейік:

Кесте аты: student

idnameagecity
1Айгүл19Алматы
2Берік21Астана

PHP-код (мәліметтерді шығару)

<?php
// 1. Дерекқормен қосылу
$conn = mysqli_connect("localhost", "root", "", "my_database");

// 2. SQL сұраныс жазу
$sql = "SELECT * FROM student";

// 3. Нәтижені орындау
$result = mysqli_query($conn, $sql);

// 4. Мәліметтерді шығару
while ($row = mysqli_fetch_assoc($result)) {
echo "Аты: " . $row['name'] . " | Жасы: " . $row['age'] . " | Қаласы: " . $row['city'] . "<br>";
}

// 5. Қосылымды жабу
mysqli_close($conn);
?>

Бұл код дерекқордан студенттерді шығарады.


2-Мысал: Жаңа мәлімет қосу (INSERT INTO)

<?php
$conn = mysqli_connect("localhost", "root", "", "my_database");

$name = "Саяжан";
$age = 18;
$city = "Шымкент";

$sql = "INSERT INTO student (name, age, city) VALUES ('$name', $age, '$city')";
mysqli_query($conn, $sql);

echo "Жаңа студент қосылды!";
mysqli_close($conn);
?>

Бұл код жаңа студентті базаға қосады.


Мәліметті жаңарту (UPDATE)

<?php
$conn = mysqli_connect("localhost", "root", "", "my_database");

$sql = "UPDATE student SET city = 'Тараз' WHERE name = 'Саяжан'";
mysqli_query($conn, $sql);

echo "Мәлімет жаңартылды!";
mysqli_close($conn);
?>

4-Мысал: Мәліметті өшіру (DELETE)

<?php
$conn = mysqli_connect("localhost", "root", "", "my_database");

$sql = "DELETE FROM student WHERE name = 'Берік'";
mysqli_query($conn, $sql);

echo "Студент өшірілді!";
mysqli_close($conn);
?>

Қысқаша түсінік:

PHP бөлігіМақсаты
mysqli_connect()Базаға қосылу
mysqli_query()SQL сұранысты орындау
mysqli_fetch_assoc()Нәтижені шығару (бір-бірден)
mysqli_close()Қосылымды жабу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *