Қолдан құрылған CMS cүйемелдеу үшін алдымен деректер қоры баптауы сақталған файлды тапқан соң өзіміздің деректер қоры баптауын енгізуіміз қажет. Содан кейін админ панельге өту жолын табу қажет, деректер қорындағы таблицадан user admin өрісіндегі pswd немесе password өзімізге қажетті құпия сөзге өзгертеміз. Төменде бірнеше Қазақстан интернет сегментінде кездесетін CMS ге тоқталамыз. Мысалы:
CreaCMS жүйесі

Бұл жүйеде : kernel/settings.php адресінде орналасқан. өткен сабақтардағыдай деректер базасы атын, қолданушы атын, сервер адресі және құпия сөзді енгіземіз, сақтаймыз. админка ға кіру жолы : сайт аты / kernel.
YII 2 Framework жүйесі

config/db.php адресінде орналасқан. деректер базасы атын, қолданушы атын, сервер адресі және құпия сөзді енгіземіз, сақтаймыз. админка ға кіру жолы : сайт аты / admin.
Басқа да көптеген жүйелер бар, кейбір сайттар деректер базасын қажет етпейді және админка сыз жүреді, ол сайттарға ақпарат орналастыру үшін белгілі дәрежеде html тілін білу қажет.
Келесі сабақтарда html тілін үйренеміз.
Тапсырма:
Интернет желісінен YII 2 жүйесін кошіріп алып, хостингке орнатып көр